Тоныкөк

Тоныкөк есімі, ежелгі түрік руна жазулары мен ескерткіштері айғақтағанындай, Шығыс Түркі қағанатының қалануымен, Қытаймен күресте тәуелсіздігін орнатуымен байланысты. Тарихшы Ма-Шаңжудың айтуынша, Тоныкөк қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан. Қытай астанасында 13 жыл тұрып, сонда білім алады. Өзінің ақылгөйлері - Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі. Елтеріс қаған лауазымен қабылдаған Шығыс Түркі мемлекетінің қағаны реформатор Құтлықтың серігі болған.

646 - 731

Категория:

Дана бабалар

Білге - Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған қоздырған тайпаластар арасындағы соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ақылгөй әрі қайын атасы Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындады. Осылай билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды.

шамамен 681 - 734

Категория:

Дана бабалар

Күлтегін

Түркі жұртының төрт жағы түгел болуы үшін қырық жеті жылдық қып-қысқа ғұмырында он жасынан бастап ат үстінен түспей, аласапыран айқастарда айбалтадай жарқылдап өткен айбарлы қолбасшының әкесі Елтеріс қаған атанған құдіретті Құтлық еді. Тоныкөк секілді, Күлтегін де ағасы Білгенің тасқа қашап қалдырған Орхон-Енисей жазбалары арқылы баршаға белгілі. Күлтегін өз замандастары мен ұрпағын түркі халқының бірлігін сақтап, тату-тәтті тұруға шақырды.

684 - 731

Категория:

Дана бабалар

Иоллығ тегін - Білге қағанның ұлы. Әкесі өлгеннен кейін қағанат ақ-сүйектерінің бірауыздан берген келісімімен таққа отырған еді. Бұл адам - жазушы, тарихшы, екі бірдей орхон жазбалары мәтіндерінің авторы. Ол әкесінің саясатын жалғастырып, тығырықтан шығар жол іздеді. Әкесі Қытай императорының тапсыруымен өлтірілгеніне қарамастан, ол Қытайға үш рет елшілік жібереді.

VII ғ. аяғы - VIII ғ. басы

Категория:

Дана бабалар

Қорқыт

Қорқыт - бағзы замандарда өмір сүрген бабаларымыздың бірі.

Ол - қобыз атасы, сазгер, жыршы, ақын, бақсылардың қамқоршысы.

Ұлы бабамыз шамамен VIII-IX ғасырларда Сыр бойында туып-өскен. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен, тегі түрік оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Ол - Орта Азия халықтарына және басқа түркі тектес халықтарға ортақ тұлға. Әкесінің аты - Қарақожа. Шешесі қыпшақ тайпасынан.

IX ғасыр

Категория:

Дана бабалар

КАТЕГОРИЯЛАР
Достарымыз