Суырып салма ақын. XІV ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдарында өмір сүрген. Оның есімі ескі батырлар жырының талайында аталады. "Өз өмірінде толғау айтып өткен" Сыпыра жайында "Ер Тарғында" "Тоғыз ханды түзеткен кісі еді" делінеді.

XIV ғасыр

Категория:

Жыраулар

Ақ Орданың ханы болған. П. Савельев, А. Ю. Якубовский, П. П. Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан - Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды. Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и гузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы - Тоқа Темір - Өз Темір - Қожа Бәдік - Орыс хан) болып саналады.

1361 - 1375

билік құрған

Категория:

Ұлы хандар

Асанқайғы Сәбитұлы

XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов т. б. айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.

XIV - XV ғасырлар

Категория:

Дана бабалар

Қобыланды Тоқтарбайұлы

Қобыланды Тоқтарбайұлы (XV ғ.) - аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі - Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне "Қара Қыпшақ Қобыланды" деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам.

XV ғасыр

Категория:

Батырлар - ел қорғаны

Туған жылы туралы дерек жоқ, 1428 жылы қайтыс болған. 1423-1428 жылдары Ақ Орданың ханы болды. Құйыршық ханның ұлы, Орыс ханның немересі. Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысты.

Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленген болатын. Тақ мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді.

1423 - 1428

билік құрған

Категория:

Ұлы хандар

КАТЕГОРИЯЛАР
Достарымыз